Табиғи апат болуы мүмкін: еліміздегі ірі қорықтардың бірі қазақстандықтарға ескертумен жүгінді

Табиға апат болуы мүмкін: еліміздегі ірі қорықтардың бірі қазақстандықтарға ескертумен жүгінді , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2026 13:04 Сурет: pexels
Қазақстандағы ең ірі қорықтартың бірі саналатын "Алтын-Емел" ұлттық табиғи паркі 2026 жылдың 2 шілдесінде ел тұрғындары мен сапарға шыққалы жүрген азаматтарға маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми хабарлама парктің Instagram парақшасында жарияланған:

"Ауа райының қолайсыздығына (нөсер жаңбыр) байланысты аймақта сел жүру қаупі бар. Саяхаттарыңызды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз!",- делінген ақпаратта.

"Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі — Қазақстандағы ең үлкен қорықтардың бірі. Оның жалпы аумағы 300 мың гектардан асады. Ол Жетісу облысындағы Іле өзені аңғарында орналасқан (Алматы қаласынан шамамен 250 км қашықтықта). Парк өзінің ерекше шөлді-таулы ландшафтарымен, сирек кездесетін жабайы жануарларымен (құлан, қарақұйрық) және бірегей археологиялық ескерткіштерімен танымал. 2017 жылы ол ЮНЕСКО-ның биосфералық резерват мәртебесін алған.

Айта кетейік 2026 жылдың 1 шілдеде Алматы қаласы мен Алматы облысының тау бөктеріндегі өзендердегі су деңгейінің күрт көтерілуіне байланысты сел қаупі жарияланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: