Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2026 09:02 Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтап, елорданы Тәуелсіз Қазақстанның символы әрі елдің жүрегі деп атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, Астана – егемен еліміздің жүрегі, жарқын болашаққа ұмтылған ұлттың жасампаз күш-қуатының қайнары. Мемлекет басшысы халық тағдырына тікелей әсер ететін маңызды шешімдердің дәл осы қалада қабылданатынын атап өтті.

Тоқаев елорданың ауқымды тарихи өзгерістердің қозғаушы күшіне айналғанын айтып, бүгінде сапалық тұрғыдан жаңа басқару жүйелері енгізілген "ақылды қала" мәртебесіне ие болғанын жеткізді.


"Сонымен бірге елордамызда саябақтар, гүлзарлар, балаларға арналған алаңдар салынды. Осының бәрі Астана тұрғындары мен қонақтары үшін жасалып жатыр. Елорда күні қарсаңында ұлт жылнамасындағы түбегейлі бетбұрыс кезеңіне жол ашқан Халық Конституциясы заңды күшіне енді. Мұның символдық мәні бар. Шын мәнінде, осы тарихи оқиға билік пен қоғамның негізгі институттарын жаңғырту ісінің бастауы саналады". Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ Мемлекет басшысы елорданың мәртебесі туралы жаңа конституциялық заң Астананың саяси, әкімшілік, экономикалық және мәдени орталық ретіндегі рөлін күшейтіп, мемлекет дамуындағы айрықша маңызын айқындай түскенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың халықаралық беделі де артып келе жатқанын айтып, аймақтық және жаһандық саясаттың өзекті мәселелері бойынша маңызды шешімдердің елордада қабылдануы соның айқын дәлелі екенін жеткізді.

Президенттің пікірінше, бас қала жауапты азаматтық ұстанымға, "Заң мен Тәртіп" және "Таза Қазақстан" қағидаттарына негізделген жаңа қоғамдық этиканың жарқын үлгісі болуға тиіс.

Сөз соңында Мемлекет басшысы Астананың Әділетті Қазақстанды құру жолында үлгі көрсетіп, одан әрі өсіп-өркендей беретініне сенім білдіріп, елорда тұрғындары мен барша қазақстандықтарға амандық пен табыс тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: