Алматы әлемдегі ең қымбат қалалар рейтингінде Астананы басып озды

Алматы, осень в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2026 09:47 Фото: pexels
Жуырда Numbeo сервисі әлемдегі өмір сүру құны ең жоғары қалалардың жаңартылған рейтингін жариялады. Тізімге Қазақстанның екі мегаполисі – Алматы мен Астана да енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рейтингке жалпы саны 547 қала енгізілген. Ол өмір сүру құны индексіне негізделген және азық-түлік, кафе мен мейрамханадағы тамақ бағасы, көлік, коммуналдық қызметтер және басқа да күнделікті шығындар ескеріліп есептеледі.

Ал тұрғын үйді жалға алу құны, ипотека және жылжымайтын мүлік сатып алу шығындары рейтингке кірмейді.

2026 жылдың ортасындағы жаңартылған рейтингте алғашқы орынды өмір сүру құны индексі 123,1 болған Цюрих иеленді. Үздік ондықтағы орындардың басым бөлігін Швейцария қалалары иеленген.

Ал өмір сүруге ең арзан қалалар Үндістанда орналасқан. Рейтингтің соңғы орындарының барлығына жуық үнді қалалары жайғасқан, олардың 19-ы тізімнің ең төменгі сатысында тұр.

Алматы рейтингте 409-орынға тұрақтап, Малайзия астанасынан кейін орналасты. Оның дәл соңынан Грузияның Тбилиси қаласы келеді.

Ал Қазақстанның астанасы Астана 2026 жылдың ортасындағы жаңартылған рейтингте 469-орынды иеленді. Демек, Астанада өмір сүру құны Баку мен Батумиге қарағанда төмен, бірақ Украина астанасына қарағанда жоғары.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: