Мүгедектік белгілеу туралы шешіммен келіспеген жағдайда қайда жүгіну керек - маман түсіндіріп берді

Инвалидность, рабочие места для инвалидов, люди с ограниченными возможностями, инвалиды, инвалидное кресло, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2026 16:45 Фото: freepik
Астана қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы Асқар Аймағамбетов 9 шілдеде өткен брифингте мүгедектік қалай белгіленетінін және қабылданған шешімге келіспеген жағдайда оны қалай қайта қаратуға болатынын түсіндіріп берді.

Журналистер мүгедектікті белгілеу кезінде әділдік пен ашықтықтың қалай қамтамасыз етілетінін, сондай-ақ азаматтар қабылданған шешіммен келіспесе, қалай шағымдануға болатынын сұрады.

Оның айтуынша, мүгедектікті белгілеу кезінде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету – әлеуметтік саладағы және департамент жұмысының негізгі бағыттарының бірі.

"Мүгедектік беру туралы шешімді медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) мамандары алқалы түрде қабылдайды. Шешім тек медициналық құжаттарға, тексеру нәтижелеріне және ағза қызметінің бұзылу деңгейін бағалау критерийлеріне сүйене отырып шығарылады. Мүгедектікті белгілеу кезінде қандай да бір субъективті факторларға жол бермеу үшін ағза қызметінің бұзылуын бағалаудың бірыңғай тәсілдері қолданылады. Сонымен қатар барлық құжат айналымы электронды форматта жүргізіледі. Қазіргі таңда емханалар медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдайтын барлық құжаттарды тек электронды түрде рәсімдейді", – деді Асқар Аймағамбетов.

Ол сондай-ақ азаматты куәландырудың қандай форматта жүргізілгеніне қарамастан, қабылданған шешімдердің сапасына ішкі бақылау жүргізілетінін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің көрсетілу мерзімі мен тәртібінің сақталуы тұрақты түрде қадағаланатынын айтты.

"Егер азамат мүгедектік белгілеу немесе одан бас тарту туралы қабылданған шешіммен келіспесе, үш айдың ішінде оны қайта қарауды сұрап өтініш бере алады. Өтінішті Астана қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментіне немесе Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне жолдауға болады. Біздің негізгі міндетіміз – мемлекеттік қызмет көрсету барысында әрбір азаматтың құжаттары әділ әрі жан-жақты қаралуын қамтамасыз ету", – деп қорытындылады Асқар Аймағамбетов.

Бұған дейін еңбек кітапшасында түзетулер болса, еңбек өтілін қалай растауға болатындығын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: