+45 градус ыстық пен дауыл: синоптиктер 10 шілдеге қауіпті болжам жасады

Сильная жара, лето, высокая температура, термометр, зной, солнце, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2026 17:40 Фото: pixabay
2026 жылғы 10 шілде, жұма күні қазақстандықтарды күрделі ауа райы күтіп тұр. Ел аумағында ауа райы екі түрлі сипат алады: бір өңірлерде бұршақ аралас нөсер жауса, енді бір аймақтарда аптап ыстық күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің батысында, солтүстік-батысында, қиыр шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Түнде еліміздің батысында қатты жаңбыр, екпінді жел және дауыл күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

"Республика аумағында жел күшейеді. Ал солтүстікте түнде және таңертең қалың тұман түседі", – делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Қазақстанның қалған бөлігінде жауын-шашын болмайды. Алайда синоптиктер ауа температурасының шектен тыс көтерілуіне байланысты ескерту жасады.

Ел аумағын аптап ыстық басады:

Маңғыстау облысында және Қызылорда облысының оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +43…+45°С-қа дейін көтеріледі. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде және Жетісу облысының солтүстігінде ауа температурасы +40…+41°С-қа дейін ысиды. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарында және Абай облысының оңтүстігінде +35…+38°С ыстық күтіледі. Түркістан және Жамбыл облыстарында ауа температурасы тұрақты түрде +38…+42°С шамасында болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: