Атыраудағы жаңа жағажай халықтың көңілінен шықпады

Атыраудағы жаңа жағажай халықтың көңілінен шықпады , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2026 12:13 Сурет: yandex.kz
Атырауда Жайық өзенінің жағалауында жақында ашылған жағажай көпшіліктің көңілінен шықпады. Тұрғындардың айтуынша, 10 күн бұрын пайдалануға берілген демалыс орнында қолайлы жағдай толық жасалмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаздың аптап ыстығында атыраулықтар бала-шағасымен Жайық жағасына жиі келеді. Қаладағы жалғыз жағажай болғандықтан мұнда демалушылар көп. Олардың арасында Ақтау мен Ақтөбе облыстарынан келген туристер де бар. Алайда келушілер шомылатын аумақтың тар екенін, тамақтанатын орындардың жоқтығын және қоқыс мәселесінің шешілмегенін айтып шағымданды.

"Almaty TV" телеарнасының мәліметінше, әлеуметтік желі қолданушылары Атыраудағы жағажайды Павлодар қаласындағы демалыс аймағымен салыстырып, айырмашылығы айқын екенін жазуда.

Ал қала әкімдігі жағажайдың құрылысы толық аяқталмағанын айтады. Шенеуніктердің сөзінше, алдағы уақытта аумақ көгалдандырылып, қосымша инфрақұрылым нысандары орнатылады.

"Малибу" жағажайы небәрі 18 күн ішінде салынды. Осы уақыт аралығында аумақты тегістеу жұмыстары жүргізіліп, барлық қажетті инженерлік желілер тартылды, электр және сумен жабдықтау қамтамасыз етілді, жағажай аумағы абаттандырылды. Қазір мұнда екі санитарлық торап, екі тропикалық душ, көлеңкелі шатырлар, жатын орындықтар, киім ауыстыратын кабиналар, қоқыс жәшіктері, орындықтар және келушілердің жайлы демалуына қажетті өзге де жағажай жабдықтары орнатылып, пайдалануға берілді", – деді Атырау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Еркеназ Қалижан.

Бұған дейін кәмелеттік туған күнін Каспий жағасында тойламақ болған жас жігіт жоғалып кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: