Қазақстанның қай өңірлерінде ауа температурасы +46°C-қа дейін көтеріледі
Сурет: unsplash
Мамандардың мәліметінше, аптап ыстықтың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында байқалады. Мұнда 2026 жылғы 11-17 шілде аралығында ауа температурасы +43-46°C-қа дейін көтеріледі деп болжанып отыр.
Қызылорда және Түркістан облыстарының тұрғындарына да қиын болады. Бұл өңірлерде кей күндері ауа температурасы +45-46°C-қа дейін жетуі мүмкін. Ал Жамбыл облысында +44°C-қа дейін ыстық болады деп күтіледі.
Сондай-ақ Алматы облысы (оның ішінде Қонаев қаласы) мен Жетісу облысында да аптап ыстық орнайды. 11-17 шілде аралығындағы ең ыстық күндері ауа температурасы +40-42°C көрсетеді.
Ақтөбе және Атырау облыстарында да ауа температурасы +40°C шамасында болады.
Сонымен қатар Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарында, Қазақстанның батыс өңірлерінде және Ұлытау облысында ауа температурасы +40-41°C-қа дейін көтеріледі.