Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Сурет: pixabay
Күндіз Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 12 шілдеде күндіз шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 12 шілдеде күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с қамтиды.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 12 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан батысқа ойыса жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 12 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда 12 шілдеде күндіз шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі күтіледі.
12 шілдеде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады, түнде облыстың солтүстігінде кей уақыттарда нөсер жаңбыр болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 12-15 шілдеде күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Оралда 12 шілдеде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болатыны болжанады.
12 шілдеде Ұлытау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қарағанды облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі облыстың солтүстік-шығысында, орталығында, солтүстігінде күтіледі. Ақтауда 12 шілдеде түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 12 шілдеде күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 12 шілдеде жел солтүстіктен соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Павлодар облысының батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Қостанайда 12 шілдеде күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 12 шілдеде күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15 м/с қамтиды.
Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Талдықорғанда 12 шілдеде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Астанада 12 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық болатыны болжанады.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 12 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Бұған дейін синоптиктер Алматы бойынша алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.