№1 клиникалық ауруханада күрделі операция алғаш рет заманауи әдіспен жасалды

41 жастағы науқас ұзақ жылдар бойы созылмалы іш қатуынан зардап шегіп келген. Бірнеше рет мамандардың қарауында болып, ем қабылдағанымен, денсаулығында айтарлықтай жақсару болмаған., сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2026 12:16 Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
41 жастағы науқас ұзақ жылдар бойы созылмалы іш қатуынан зардап шегіп келген. Бірнеше рет мамандардың қарауында болып, ем қабылдағанымен, денсаулығында айтарлықтай жақсару болмаған.

Жүргізілген тексерулер нәтижесінде науқасқа долихосигма диагнозы қойылды. Бұл – өте күрделі диагноз.

Науқастың жағдайын жан-жақты саралаған дәрігерлер хирургиялық ем жүргізу туралы шешім қабылдады. Оның ерекшелігі – науқастың іш қуысы үлкен көлемде кесілмей, бірнеше шағын тілік жасалды. Лапароскопиялық әдіспен жасалған ота барысында сигма тәрізді ішектің зақымданған бөлігі алынып, аппараттық колоректальды анастомоз қалыптастырылды.

Бұл әдістің артықшылығы – операциядан кейінгі ауырсынудың аз болуы, науқастың тез қалпына келуі, асқыну қаупінің төмендеуі және қалыпты өмірге жылдам оралуына мүмкіндік беруінде.

Айта кету керек, мұндай жоғары технологиялық лапароскопиялық операция қалалық №1 клиникалық ауруханада алғаш рет жасалып отыр. Бұл – ауруханада заманауи хирургиялық көмекті дамыту жолындағы маңызды қадамдардың бірі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: