Астанада Үкімет резервінен бөлінген 16,2 млрд теңгеге не салынатыны белгілі болды

Астана, город Астана, достопримечательности Астаны, столица Казахстана, пейзаж Астаны, виды Астаны, виды города Астаны, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2026 12:18 Фото: pixabay
Мемлекет басшысының елордадағы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Үкімет резервінен Астананың инженерлік және энергетикалық желілерін дамытуға қаражат бөлінді. Тиісті қаулыларға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 13 шілдеде ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жобаларды жүзеге асыру қарқынды тұрғын үй құрылысы мен қала халқы санының өсуі жағдайында кәріз, жылу және электрмен жабдықтау жүйелерінің сенімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы қаржыландыру көлемі 16,2 млрд теңгеден асады.

Оның 8,7 млрд теңгесі су бұру инфрақұрылымын салуға және жаңғыртуға бағытталады. Атап айтқанда, Астананың Есіл ауданындағы қолданыстағы тазарту құрылыстарынан бастап Ақмола облысындағы Қарабидайық көліне дейінгі кәріз коллекторы қайта жаңғыртылады. Сонымен қатар Ұлы Дала, Хусейн бен Талал, Шыңғыс Айтматов көшелері мен Тұран даңғылы бойынан Есіл өзеніне дейін тазартылған ағын суларды ағызатын коллектор салынады.

Көзделген жұмыстарды жүзеге асыру 4,5 мың гектар аумақтағы жерүсті және дренаж суларын бұруға, сондай-ақ тәулігіне 70 мың текше метрге дейінгі суды тазартатын нысандардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде Астананы одан әрі дамытуға қажетті инфрақұрылым қалыптастырады. ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

7,5 млрд теңге елорданың энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталады. Бұл қаражатқа қолданыстағы электр желілеріне қосылатын 110/20 кВт-тық "Қарлығаш" жабық қосалқы стансасы салынып, "Астана-Энергия" АҚ-ның ЖЭО-2-дегі №1 турбоагрегаты жаңғыртылады.

2026 жылғы 1 шілдеде Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Астанада жаңа әуежай құрылысының қашан басталатынын мәлімдеді., сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2026 12:18

Сурет: primeminister.kz

Жаңа энергонысан іске қосылғаннан кейін "Есіл" және "Бәйтерек" қосалқы стансаларына түсетін жүктеме азайып, "Нұрлы жол" вокзалы маңы мен Тельман тұрғын алабындағы шамамен 80 мың тұрғын тұрақты электрмен қамтамасыз етіледі. Қосымша қуат жаңа мектептер, емханалар және басқа да әлеуметтік нысандарды пайдалануға беруге мүмкіндік береді. ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

ЖЭО-2-дегі турбинаны жаңғыртқаннан кейін оның электр қуаты 30 МВт-қа – 80 МВт-тан 110 МВт-қа дейін артады. Бұл елордадағы электр энергиясын тұтыну жыл сайын өсіп отырғанына орай энергиямен жабдықтау сенімділігін күшейтеді.

2026 жылғы 1 шілдеде Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Астанада жаңа әуежай құрылысының қашан басталатынын мәлімдеді., сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2026 12:18

Сурет: primeminister.kz

2026 жылғы 1 шілдеде Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Астанада жаңа әуежай құрылысының қашан басталатынын мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: