Алматыда 14 жастағы жасөспірім қымбат iPhone телефонынан айырылды
Фото: pexels
Алматының Бостандық ауданында бейтаныс адамдармен кездескеннен кейін 14 жастағы жасөспірім қымбат смартфонынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, екі жас жігіт алдау жолымен 14 жастағы жасөспірімге тиесілі iPhone телефонын иемденіп, оқиға орнынан бой тасалаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері қысқа мерзім ішінде күдіктілердің жеке басын анықтап, оларды ұстады.
"Күдіктілердің екеуі де кәмелетке толмағандар болып шықты. Сонымен қатар тергеу нұсқасы бойынша, қылмыс жасалғаннан кейін күдіктілердің бой тасалауына көмектескен кәмелетке толған ер адам да ұсталды. Бұдан бөлек, полицейлер ұрланған смартфон табылған әйелді де анықтады", – деп мәлімдеді Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта ұялы телефон тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдеме ретінде тіркелді.
Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды Telegram мессенджерінде пайда болған жаңа қауіпті алаяқтық схемасы туралы ескерткен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript