13 шілдеде Қазақстан аумағында екі орман өрті тіркелді
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 13 шілдеде еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 2 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлер бойынша:
- Жетісу облысында – 1 өрт;
- Павлодар облысында – 1 өрт.
Өрт ошақтары "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның әуе патрульдеуі барысында және ерте анықтау жүйелері арқылы дер кезінде анықталып, жедел әрекет ету нәтижесінде қысқа уақыт ішінде оқшауланды.
Өртті сөндіру жұмыстарына мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның әуе өрт сөндіру десанттары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тікұшағы, арнайы техникалар мен ТЖД-нің қызметкерлері және техникасы жұмылдырылды.
Экология министрлігі өрт қауіпті кезеңде азаматтарды, табиғат аясында демалушыларды және орман пайдаланушыларды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға үндеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript