865 мың теңге айыппұл немесе елден шығарылу: екінші азаматтығы бар қазақстандықтарға нені ескеру керек

Эмигранты, эмиграция, мигранты, миграция, иммигранты, иммиграция, приезжий, приезжие, репатриация, репатрианты, кандас, кандасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2026 15:52 Фото: Zakon.kz
ШҚО Полиция департаменті қос азаматтығы бар тұлғаларды анықтау бойынша жүргізілген жұмыстар жайлы есеп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, 2026 жылдың басынан бері ШҚО ПД көші-қон қызметі 450-ден астам адамның Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтқанын тіркеді, олардың басым бөлігі көрші мемлекеттің азаматтығын алған.

Заңнама талаптарын бұзғаны үшін 31 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Оның ішінде 24 азамат шетелдік азаматтықты алғаны туралы уақтылы хабарламаған, ал 7 адам азаматтығын жоғалтқаннан кейін Қазақстан Республикасының құжаттарын заңсыз пайдаланған. Сот шешімімен 6 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды". ШҚО ПД баспасөз қызметі

Анықталған жағдайлардың бірі облыс орталығының 43 жастағы тұрғынына қатысты.

Белгілі болғандай, ол 2024 жылдың қазан айында өзге мемлекеттің азаматтығын алғанымен, заңда белгіленген мерзімде ішкі істер органдарына хабарламаған. Нәтижесінде, азаматшаның Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтуы тіркеліп, еліміздің құжаттары тәркіленді.

Бұл ретте, полиция қазақстандықтарға келесідей үндеу жасады.

"Өзге мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда, азаматтар 30 күн ішінде бұл туралы ішкі істер органдарына хабарлап, Қазақстан Республикасының азаматтығын куәландыратын құжаттарды тапсыруға міндетті".

Бұл талапты бұзғаны үшін 100 АЕК (432 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазасы көзделген. Ал Қазақстан азаматтығынан шыққаннан кейін қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін 200 АЕК (865 000 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Бұған дейін Алматыда Ақан Сері көшесінің бір бөлігі уақытша жабылатындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: