"Қазгидромет" Алматы тұрғындарына тағы да ескерту жасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2026 09:37 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
15 шілдеде Алматыда, түнгі уақытта Өскемен мен Риддерде қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) күтіледі. Осыған байланысты "Қазгидромет" тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, 15 шілдеде Алматы қаласында, ал түнде Өскемен мен Риддерде атмосфералық ауаның ластануына қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) – бұл желдің әлсіз болуы немесе мүлде болмауы, тұман, ауа температурасының инверсиясы сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуі. Мұндай жағдайда зиянды заттар атмосфераның жерге жақын қабатында жиналып, ауа сапасының нашарлауына әкеледі.

Осыған байланысты мамандар тұрғындарға, әсіресе автокөлік жолдары мен басқа да ластаушы көздердің маңында ашық ауада ұзақ жүрмеуге кеңес береді. Ал өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру ұсынылады.

Айта кетейік, 15 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттардың әсерінен көптеген өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сонымен қатар елдің бірқатар аймақтарында аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: