"Қазгидромет" Астана, Алматы және тағы екі қала тұрғындарына ескерту жасады
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
13 шілдеде Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК жариялаған ескертуде айтылған.
Ведомствоның мәліметінше, 13 шілдеде Астана қаласында, ал түнгі уақытта Өскемен, Риддер және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – желдің әлсіз болуы, тымық ауа райы, тұман және температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Мұндай жағдайда атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды ластаушы заттар жиналып, ауа сапасы нашарлайды.
Осыған байланысты мамандар тұрғындарға:
- ашық ауада, әсіресе автожолдар мен өзге де ластану көздерінің маңында ұзақ жүрмеуге;
- өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар азаматтарға сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруге кеңес береді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript