Алматыда 15 шілдеден бастап бірден 15 автобус бағытының қозғалысы өзгереді: толық тізім
Фото: Zakon.kz
Алматы қаласында Батыс кәріз коллекторын салу жобасы аясында Бекешев көшесінің (Әбділдин көшесінен Абай даңғылына дейінгі аралық) бойында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуіне байланысты 15 шілдеден бастап №14, №22, №26 және №44 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.
№14
Оңтүстік бағытта:
Абай даңғылы – Мамыр көшесі – Медеубеков көшесі – Төлебеков көшесі – Жандосов көшесі – Бекешев көшесі – Әбділдин көшесі – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
Кері бағытта:
Әбділдин көшесі – Бекешев көшесі – Жандосов көшесі – Төлебеков көшесі – Медеубеков көшесі – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
№22
Оңтүстік бағытта:
Медеубеков көшесі – Төлебеков көшесі – Жандосов көшесі – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
Кері бағытта:
Жандосов көшесі – Төлебеков көшесі – Медеубеков көшесі – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
№26
Оңтүстік бағытта:
Алатау даңғылы – Абай даңғылы – Мамыр көшесі – Медеубеков көшесі – Төлебеков көшесі – Жандосов көшесі – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
Кері бағытта:
Жандосов көшесі – Төлебеков көшесі – Медеубеков көшесі – Мамыр көшесі – Абай даңғылы – Алатау даңғылы – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
№44
Оңтүстік бағытта:
Медеубеков көшесі – Төлебеков көшесі – Жандосов көшесі – Бекешев көшесі – Әбділдин көшесі – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
Кері бағытта:
Әбділдин көшесі – Бекешев көшесі – Жандосов көшесі – Төлебеков көшесі – Медеубеков көшесі – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
Сонымен қатар Төле би көшесін ұзарту жобасы аясындағы құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне және Әшімов көшесінен Алатау көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыстың уақытша шектелуіне байланысты 15 шілдеден бастап №15, №27, №76 және №118 бағыттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.
№15
Солтүстік бағытта:
Әшімов көшесі – Райымбек даңғылы (кері бұрылыс) – Райымбек даңғылы – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
Кері бағытта:
Райымбек даңғылы – Әшімов көшесі – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
№27
Солтүстік бағытта:
Алатау даңғылы – Сабденов көшесі – Әшімов көшесі – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
Кері бағытта:
Әшімов көшесі – Сабденов көшесі – Алатау даңғылы (кері бұрылыс) – Алатау даңғылы – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
№76
Шығыс бағытта:
Алтын Орда көшесі – Алатау даңғылы – Сабденов көшесі – Әшімов көшесі – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
Кері бағытта:
Әшімов көшесі – Сабденов көшесі – Алатау даңғылы (кері бұрылыс) – Алатау даңғылы – Алтын Орда көшесі – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
№118
Батыс бағытта:
Әшімов көшесі – Сабденов көшесі – Алатау даңғылы (кері бұрылыс) – Алатау даңғылы – Абай даңғылы – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
Кері бағытта:
Алатау даңғылы – Сабденов көшесі – Әшімов көшесі – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
Сондай-ақ Ақан Сері көшесінде (Сейфуллин даңғылынан Шолохов көшесіне дейінгі аралықта) жол жабынына орташа жөндеу жүргізілуіне және көлік қозғалысының толық жабылуына байланысты 15 шілдеден бастап жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №30, №73, №96, №102, №135 және №138 бағыттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.
№30
Солтүстік бағытта:
Сейфуллин даңғылы – әрі қарай "Алматы-1" теміржол вокзалы соңғы аялдамасына дейін.
Кері бағытта:
"Алматы-1" теміржол вокзалы – Сейфуллин даңғылы – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
№73
Солтүстік бағытта:
Сейфуллин даңғылы – "Алматы-1" теміржол вокзалы соңғы аялдамасына дейін.
Кері бағытта:
"Алматы-1" теміржол вокзалы – Сейфуллин даңғылы – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
№96
Солтүстік бағытта:
Жұмабаев көшесі – Сейфуллин даңғылы – Шолохов көшесі – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
Кері бағытта:
Шолохов көшесі – Сейфуллин даңғылы – Жұмабаев көшесі – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
№102
Солтүстік бағытта:
Жұмабаев көшесі – Сейфуллин даңғылы – "Алматы-1" теміржол вокзалы соңғы аялдамасына дейін.
Кері бағытта:
"Алматы-1" теміржол вокзалы – Сейфуллин даңғылы – Жұмабаев көшесі – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
№135
Солтүстік бағытта:
Жұмабаев көшесі – Сейфуллин даңғылы – "Алматы-1" теміржол вокзалы соңғы аялдамасына дейін.
Кері бағытта:
"Алматы-1" теміржол вокзалы – Сейфуллин даңғылы – Жұмабаев көшесі – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
№138
Солтүстік бағытта:
Сейфуллин даңғылы – Жұмабаев көшесі – әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
Кері бағытта: өзгеріссіз қалады.
Сонымен қатар Алма-Арасан шағын ауданында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне және "Алма-Арасан кенті" бақылау-өткізу пунктіне дейінгі жол учаскесінің уақытша жабылуына байланысты 15 шілдеден бастап жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №211 автобус бағытының соңғы аялдамасы уақытша "Талап бойынша" аялдамасына ауыстырылады.
Еске салайық, бұған дейін Алматы тұрғындарына 2026 жылғы 1 шілдеден бастап №244 және №257 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы өзгеретіні туралы хабарланған болатын.