Көкшетауда қоғамдық көлік жүргізушілері наразылыққа шықты

Общественный транспорт в Алматы, автобусы в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2026 10:25 Фото: Zakon.kz
16 шілдеде Көкшетау халқы бір сәтке автобуссыз қалды. Қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторлар таңертең жұмысқа шығудан бас тартып, басшылыққа барып, жалақы көтеруді талап етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК дерегіне сүйенсек, басшылық жүргізушілер мен кондукторлардың айлығын бір аптадан бері кешіктірген.

"Таңертең кешке дейін істейміз, таңғы алтыдан кешкі сегіз- тоғызға дейін. Үш жүзге әзер апарамыз. Ал былайша, пайыз ұстағанда тек 280 мың теңге қалады. Ол қазір ақша ма?! Сондай жұмыс істейтіндер Астанада тоғыз жүз, миллион алады. Жалақыны көтерсін! Лайықты айлық берсін! Жалақымызды жеткізе алмай тыраштанып жүрміз".Есенгелді Қайырбеков, автобус жүргізушісі:

Қазір мұнда 65 кондуктор, 114 жүргізуші жұмыс істейді. Айтуларынша, қоғамдық көлік сынып қалса, қиындығын да өздері көреді. Өйткені жөндеумен айналысатын адам жетіспейтін көрінеді. Ал автобус паркінің қазынасына түсетін қаражат қосалқы бөлшектер мен дизель отынын сатып алуға жұмсалады дейді.

Автопарк басшылығы бұл жайдан хабардар. Дегенмен Көкшетау шағын қала болғандықтан, жарты миллионнан артық жалақы алатын алып шаһарлармен салыстыруға келмейді, дейді. Ал бұған дейін әр айдың онында түсетін айлықты "мүлдем кешіктірмедік" деп отыр. Жалақыны көтерудің қамын да қарастырып жатқанын жеткізді.

Осылайша қарсылық білдіріп базынасын жеткізген жұмысшыларға басшылық басу айтқан соң, жүргізушілер қырық минуттан кейін күнделікті қызметіне кірісті. Олардың жанайқайы бес күннен кейін шешіле ме, ол әзірге белгісіз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: