"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2026 09:08 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2026 жылғы 18 шілдеде Қазақстанның алты қаласында ауа сапасының нашарлауына байланысты тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, 18 шілдеде Алматыда, ал түнде Астана, Петропавл, Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді ауа райы факторларының жиынтығы. Мұндай кезде атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды ластаушы заттар жиналып, ауа сапасы төмендейді.

Осындай жағдайда мамандар тұрғындарға ашық ауада, әсіресе автожолдар мен басқа да ластаушы көздердің маңында ұзақ уақыт болмауға кеңес береді.

Ал өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық созылмалы аурулары бар адамдарға сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүргені жөн.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: