"Қазгидромет" Алматы және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2026 09:15 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2026 жылғы 19 шілдеде Қазақстанның бес қаласында ауа сапасының нашарлауына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, 19 шілдеде Алматы мен Балқаш қалаларында, ал түнгі уақытта Өскемен, Семей және Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді ауа райы құбылыстарының жиынтығы. Мұндай жағдайда атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттар жиналып, ауа сапасы нашарлайды.

Мамандар мұндай күндері тұрғындарға, әсіресе автокөлік жолдары мен басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ уақыт болмауға кеңес береді.

Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары сырқаттары немесе аллергиясы бар азаматтарға сыртқа шығарда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүргені жөн.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: