Алакөлде паром басып кеткен әйел екі аяғынан айырылды

Больница, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, операция, операционная, медицинские инструменты, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2026 16:01 Фото: pexels
Жетісу облысы Көктұма ауылындағы Алакөл жағалауында паром кері жүріп келе жатып әйелді қағып кетті. Ауыр жарақат алған әйел ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оның екі аяғын кесуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының tinfo.kz басылымына мәлімдеуінше, зардап шеккен әйел ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Дәрігерлер оған көп дене жарақатын, көп мөлшерде қан жоғалтуды және жарақаттық шокты анықтаған.

Шұғыл түрде дәрігерлер консилиумы өткізіліп, науқастың өмірін сақтап қалу мақсатында жедел операция жасау туралы шешім қабылданған. Ота барысында оның екі аяғы сан тұсынан ампутацияланған.

Оқиғаға байланысты Жетісу облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция азаматтарды су көлігін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және жағалау аймағында барынша сақ болуға үндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: