Жаңалықтар тізбегі
0

Алакөлде демалушылардың бірінің аяғына ота жасалды

Алакөл, Алакөл ауданы, мас, ота, ампутация, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2023 13:22 Сурет: primeminister.kz
Алакөлге демалуға барған ер адамның аяғына ота жасалды. Оның қазіргі жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Алакөл ауданының дәрігерлері оның өмірі үшін күресіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға демалыс күндері Алакөл көлінде болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам мас күйінде суға батып кете жаздаған. Туристердің бірі оны қайықпен барып құтқармақ болғанда, аяғын бұрандаға зақымдап алған.

Жарақат алған 1984 жылғы азамат жедел Алакөл аудандық орталық ауруханасына жеткізіліп, оған сол жақ сан сүйегі мен тізе буыны шытынап сынған деген диагноз қойылды. Салдарынан оның сол аяғын кесуге тура келген.

"Бүгінде науқастың жағдайы өте ауыр, жасанды тыныс алу аппаратында жатыр", – деп хабарлады Zakon.kz тілшісіне Алакөл аудандық орталық аудандық ауруханасы.

Бұл факті бойынша полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.

"Бұл факті бойынша Алакөл ауданы полициясының қызметкерлері қылмыстық кодекстің 344-бабы (" Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті.

Науқас дәрігерлердің жіті бақылауымен ем қабылдап жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: