Қостанайда өртенген үйден өрт сөндірушілер 50 литрлік газ баллонын алып шықты

Қостанайда өртенген үйден өрт сөндірушілер 50 литрлік газ баллонын алып шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2026 17:14 Сурет: видео скрині
Қостанайда құтқарушылар өрт кезінде газ баллондарын қауіпсіз жерге шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің 2026 жылғы 19 шілдедегі мәліметінше, 112 пультіне Қостанайдағы саяжай қауымдастықтарының бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Өрт мансардалы тұрғын үй мен саяжай үйін шарпыған. Жалынның жалпы аумағы 150 шаршы метрді құрады.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері қауіпсіздік мақсатында өрт ошағынан көлемі 27 литрлік төрт газ баллонын және 50 литрлік бір газ баллонын алып шыққан.

Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: