Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша соттың қашан басталатыны белгілі болды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2026 11:03 Фото: Zakon.kz
Шымкентте қоғамда үлкен резонанс тудырған Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысының күні белгіленді. Алдын ала тыңдау 2026 жылғы 21 шілде, сейсенбі күні өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленуші тараптың мүддесін қорғайтын адвокат Аянхан Омаров бұл туралы 2026 жылғы 19 шілдеде өзінің Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында айтты.

Оның айтуынша, сот отырысы сағат 10:00-де басталып, Шымкент қаласының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының ғимаратында өтеді.

"Жәбірленуші тараптың мүддесін адвокаттар Аянхан Омаров пен Мұхаммеджан Ахметов қорғайды. Бұл – аталған іс бойынша алғашқы сот отырысы. Алдын ала тыңдау барысында негізгі сот талқылауын тағайындау, дәлелдемелерді зерттеу тәртібі және істі алқабилердің қатысуымен қарау мәселелері шешіледі", – деп жазды адвокат.

Еске салайық, 21 жастағы студент Нұрай Серікбай 2026 жылғы 11 қаңтарда танысы салған пышақ жарақаттарының салдарынан көз жұмды. Қылмыс жасады деген күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда 13 қаңтарда полиция оның Шымкент қаласынан шамамен 10 шақырым жерден ұсталғанын мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: