Ескертуді елемеген: Ауласындағы қарасораны жоймаған екі павлодарлық айыппұл арқалады
Сурет: pixabay
Павлодар облысында ауласында өсіп тұрған қарасораны жоймаған екі азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ирбис ТВ" мәліметіне сүйенсек, учаскелік полиция инспекторлары аулаларды аралау барысында жабайы қарасораны жою шараларын қабылдамаудың екі дерегін анықтаған.
"Аққулы ауданындағы ауыл тұрғынының үй іргесіндегі аумақта жабайы қарасора өскені анықталды. Бұған дейін оған өсімдікті жою туралы нұсқама берілгенімен, талап орындалмаған. Ал Тереңкөл ауданында полицейлер тұрғынның үй маңындағы жер учаскесінен жабайы қарасораның өскенін анықтады. Ер адам қарасораның өздігінен өскенін айтқанымен, учаскелік полиция инспекторы берген нұсқаманы орындамаған", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінде.
Заң бойынша уәкілетті органның ресми нұсқамасын алғаннан кейін жер иесі немесе жер пайдаланушы жабайы қарасораны жою шараларын қабылдамаса, оған 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.
Бұған дейін қызметтік иттердің көмегімен 90 есірткі қылмысының жолы кесілгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript