Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетті

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетті , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2026 14:43 Сурет: Instagram/oqu_agartu_ministrligi
Қазақстандық оқушылар экономикадан халықаралық олимпиадада (International Economics Olympiad, IEO 2026) жоғары нәтиже көрсетті. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, олимпиада Қытай Халық Республикасының Сучжоу қаласында 12-20 шілде аралығында өтті. Беделді білім додасына әлемнің 61 елінен 300-ге жуық дарынды оқушы қатысты:

Қазақстан құрамасының қоржынына бір алтын, үш күміс және бір қола медаль түсті:

  • Мұхтархан Батырхан – Астана қаласы Нұра ауданындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы, алтын медаль жеңіп алып, халықаралық экономика олимпиадасының екі дүркін алтын жүлдегері атанды.
  • Кемелов Динмухаммед – Алматы қаласы Медеу ауданындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы, күміс медаль.
  • Жапаров Альтаир – Алматы қаласы Медеу ауданындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы, күміс медаль.
  • Сұлтанбек Аружан – Алматы қаласындағы "Мирас" халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы, күміс медаль.
  • Қуанышбек Темірлан – Алматы қаласы Медеу ауданындағы NIS-тің 10-сынып оқушысы, қола медаль.

Атап өтілгендей, ұлттық құраманы дайындағандар:

  • "Teenvestor" мектебінің директоры, ұлттық құрама жаттықтырушысы Руслан Мулдашев,
  • "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Зере Жарлагапова.

Министрлік қазақстандық оқушылардың бұл жетістігі елімізде дарынды жастарды қолдау және оларды халықаралық олимпиадаларға жүйелі даярлау жұмысының нәтижесі екенін атап өтті.

Әлемнің 61 елінен жиналған үздіктер арасындағы табысты өнер көрсету қазақстандық оқушылардың экономика, қаржы және бизнес бағыттары бойынша халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Халықаралық экономика олимпиадасы (International Economics Olympiad, IEO) – экономика, қаржы және бизнес саласындағы дарынды мектеп оқушыларын біріктіретін әлемдегі ең беделді зияткерлік жарыстардың бірі. Олимпиада барысында қатысушылардың экономика, қаржы және бизнес бағыттары бойынша білімі, аналитикалық ойлау қабілеті мен практикалық жағдайда тиімді шешім қабылдау дағдылары бағаланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: