Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру қағидаларына қандай өзгерістер енгізілді

Новостройка, новостройки, новые дома, новый дом, жилые комплексы, ЖК, высотные дома, многоэтажные дома , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2026 14:15 Фото: Zakon.kz
Үкіметтің 2026 жылғы 14 шілдедегі қаулысымен мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта тұрғын үйді жекешелендіру – Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұрып жатқан тұрғын үйді заңға сәйкес жеке меншігіне сатып алуы екені нақтыланған.

Сонымен қатар Қазақстан азаматтары республика аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тек бір тұрғын үйді жекешелендіруге құқылы екені көрсетілген. Бұл ретте купондық тетік арқылы жүргізілген жекешелендіру азаматтың мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жекешелендіру құқығын қайта жүзеге асыруына кедергі болмайды және бас тартуға негіз болып саналмайды.

Сондай-ақ негізгі жалдаушының отбасы мүшесінің бұрын жекешелендірілген тұрғын үйдегі 50% немесе одан аз үлеске ие болуы оның кейіннен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру құқығын пайдалануына кедергі келтірмейтіні айтылған.

Тұрғын үйді жекешелендіретін азаматтар оның құнын бөліп төлеу арқылы да төлей алады.

Атап айтқанда:

  • қалдық құны 15 млн теңгеден төмен тұрғын үйді 10 жылға дейін бөліп төлеуге болады;
  • қалдық құны 15 млн теңгеден жоғары тұрғын үйді 15 жылға дейін бөліп төлеуге мүмкіндік беріледі.
  • Қаулы 2026 жылғы 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: