Қарбыз бен қауын қауіпті ме – Алматының санитарлық дәрігерлері мәлімдеме жасады

Супермаркет, маркет, продуктовый, продукты питания, арбуз, арбузы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2026 15:36 Фото: Zakon.kz
Алматыда жазғы маусым басталғалы бері қарбыз бен қауын тұтынуға байланысты бірде-бір тағамнан улану жағдайы тіркелмеген. Сонымен қатар зертханалық тексеру барысында бақша өнімдеріндегі нитрат мөлшерінің рұқсат етілген деңгейден асқаны анықталмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықованың айтуынша, жаз мезгілінде мамандар сатылымға түсетін қарбыз бен қауынды тұрақты түрде тексеріп отырады.

Өнім үлгілері аккредиттелген зертханаларда нитрат мөлшеріне тексеріледі. Қажет болған жағдайда олардың құрамындағы пестицид қалдықтары, улы элементтер, сондай-ақ микробиологиялық және радиологиялық көрсеткіштер де зерттеледі.

"Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша қарбыз бен қауын үлгілерінен нитраттардың рұқсат етілген деңгейден асуы анықталған жоқ. Қауіпсіздік талаптарына қатысты басқа да бұзушылықтар тіркелмеді. Биыл Алматы қаласында бақша өнімдерін тұтынуға байланысты тағамнан улану жағдайлары да болған жоқ", – деді Әсел Қалықова.

Сонымен бірге мамандар жаз мезгілінде өнімдерді сақтау және сату талаптары бұзылған жағдайда тағамнан улану қаупі артатынын ескертеді.

Сондықтан қарбыз бен қауынды тек өнім сапасын растайтын құжаттары бар ресми сауда орындарынан сатып алу ұсынылады.

Санитарлық дәрігерлер жол бойында немесе рұқсат етілмеген сауда орындарында сатылатын кесілген жемістер мен бақша өнімдерін сатып алмауға кеңес береді.

Қарбыз бен қауынды тұтынар алдында мұқият жуу қажет. Ал жемісті кескеннен кейін оны тек тоңазытқышта сақтау керек.

Бұған дейін Алматының Медеу ауданында тағы бір заңсыз салынған нысан сүріліп жатқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: