Қазақстанда аптап ыстық бәсеңдеп, ауа температурасы +38°С-қа дейін төмендейді
Фото: unsplash
Болжамға сәйкес, күндіз қатты ыстық:
- Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында +35…+38°С-қа дейін;
- Маңғыстау облысында +38°С-қа дейін;
- Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде +35…+36°С-қа дейін;
- Абай облысының оңтүстігінде +35°С-қа дейін сақталады.
"Солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында, сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, бұршақ жаууы, дауыл болуы мүмкін. Елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл болжанады. Түнде және таңертең солтүстік пен оңтүстік-батыс өңірлерде тұман түседі", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Сонымен қатар кей өңірлерде өрт қаупі сақталады.
Жоғары өрт қаупі бар аймақтар:
Алматы, Қарағанды, Атырау облыстарында, Ұлытау және Абай облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысы мен шығысында, Қостанай облысының батысы, шығысы және орталығында, Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде, Павлодар облысының солтүстік-шығысы, оңтүстігі мен орталығында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Төтенше өрт қаупі бар аймақтар:
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Жетісу облысында, Ұлытау облысының оңтүстігі, шығысы және орталығында, Абай облысының солтүстігі, оңтүстігі және орталығында, Қарағанды облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы, оңтүстік-шығысы және орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Атырау облысының солтүстік-батысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі болжанады.