Жамбыл облысында өзбекстандық жас футболшылар жолда қалып қойды

Жамбыл облысында өзбекстандық жас футболшылар жолда қалып қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2026 19:45 Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысында полицейлер тасжолда қалған Өзбекстанның жас футболшыларына көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тасжолының 568-шақырымында, Жуалы ауданының Нұрлыкент ауылы маңында полиция қызметкерлері үйлеріне қайтып бара жатқан жолда бұзылып қалған Өзбекстаннан келген жас футболшылар мінген автобусқа көмекке келді.

Автобуста Өзбекстан Республикасының 42 азаматы – 2013 және 2014 жылғы 37 бала және оларды алып жүрген 5 ересек адам болған. Балалар Қырғыз Республикасында өткен халықаралық футбол турнирінен үйлеріне қайтып келе жатқанда жолда автобус техникалық ақауға ұшыраған.


"Хабарлама түскен бойда полиция қызметкерлері жедел жетті. Балалардың аптап ыстықта қалып, қолайсыздық көрмеуі үшін оларды алып жүрген азаматтармен бірге Нұрлыкент ауылдық Мәдениет үйіне жеткізді. Онда қонақтарға ыстық тамақ, ауыз су және тынығуға қажетті жағдай жасалды", – делінген хабарламада.

Қосымша автобус келгеннен кейін жас футболшылар үйлеріне қарай жолдарын жалғастырды.

Полиция қызметкерлері мен құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында жағдай қысқа уақыт ішінде оң шешімін тапты. Балалардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: