Бірыңғай банкаралық QR-кодқа кім жауапты

Бірыңғай банкаралық QR-кодқа кім жауапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2026 19:52 Сурет: freepik
Бүгін, 2026 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ведомство қызметіне қатысты жалған ақпараттың таралуына байланысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттіктің хабарлауынша, бұқаралық ақпарат құралдарынан келіп түскен сауалдарға байланысты таратылып жатқан мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді.

"Атап айтқанда, бірыңғай банкаралық QR-кодты реттеу мәселелері агенттіктің құзыретіне кірмейді. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" заңға сәйкес QR-кодтың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу, сондай-ақ банкаралық төлемдердің қағидалары мен тарифтерін белгілеу мәселелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құзыретіне жатады. Агенттік банкаралық эквайринг бойынша комиссияларды белгілемейді және төлем жүйелерінің тарифтік саясатын реттемейді", – деп мәлімдеді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ агенттік азаматтарды жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми ақпарат көздеріне ғана жүгінуге үндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: