Атырауда ірі көлемде қаржы бопсалаған күдікті құрықталды - видео
Фото: Zakon.kz
Атырауда ақша бопсалаумен айналысқан күдіктіні құрықтау сәті бейнежазбаға түсірілді. Оны Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Істің мән-жайын 2026 жылғы 21 шілдеде қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі айтып берді. Белгілі болғандай, жедел іздестіру іс-шарасы кезінде ақша бопсалаумен айналысқан 35 жастағы Индер ауданының тұрғыны тұтқындалды.
Тергеу барысында анықталғандай, ол жергілікті тұрғыннан ірі көлемде қаржы талап еткен.
"Тінту барысында күдіктіден бопсалау кезінде алынған 2 млн 200 мың теңге табылып, тәркіленді",- делінген полицейлердің ақпаратында.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қорқытып алу бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Бұған дейін Атырауда дүкен кассасынан 2,5 млн теңге жымқырған күдікті ұсталғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript