Жаңалықтар тізбегі
0

"Интернетке саламын". Атырауда ақша бопсалаған күдікті ұсталды

Ақша бопсалау, Атырау, күдікті ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2024 22:33 Сурет: Zakon.kz
Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 1 млн теңге бопсаламақ болған күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті 27 жастағы азаматты жеке басына қатысты бейнематериалдарды "әлеуметтік желіге салып, таратамын" деп қорқытқан.

"24 жастағы облыс тұрғыны жәбірленушіден 100 мың теңге көлемінде ақша алу кезінде қолға түсіп, қамауға алынды", делінген полиция хабарламасында. 

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды.


Айта кетсек, Атырау облысында қарақұрт шағып, 90 түйе арам қатты. Өлген мал иелеріне 65 млн теңге шығын келді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: