Шымкентте дәрігерлер өмір мен өлім арасындағы науқасты құтқарып қалды
Фото: Zakon.kz
Шымкент қалалық №1 клиникалық аурухана дәрігерлері жол апатына түсіп, ауруханаға өмір мен өлім үстінде жеткізілген науқасты аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оған шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, травматолог-ортопед дәрігерлер бірнеше кезеңнен тұратын күрделі емдеу тактикасын жүргізді. Алғашқы кезеңде науқастың өміріне қауіп төндіретін жағдайларды тұрақтандыру мақсатында жамбас сүйегі мен оң жақ сан сүйегіне сыртқы фиксация аппараты (АНФ) орнатылды. Ал, жалпы жағдайы тұрақтанғаннан кейін екінші кезеңде сыртқы фиксация аппараты алынып, бір мезгілде жамбас пен сан сүйектеріне күрделі реконструктивті операция жасалды.
"Мұндай операциялар жоғары кәсіби шеберлікті, тәжірибені және хирургиялық бригаданың үйлесімді жұмысын талап етеді... Қазіргі таңда науқас қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылып, оңалту кезеңін бастап кетті",- деп мәлімдеді дәрігерлер.
Бұған дейін Таиландтан эвакуацияланған шала туған нәресте екі айлық емнен кейін үйіне шығарылғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript