Алматының Әуезов ауданында заңсыз сауданың 7 ірі орны жойылды

Алматының Әуезов ауданында заңсыз сауда жүргізілген 7 ірі орын толықтай жойылды. Бұған дейін бұл аумақтарда киім-кешек, көкөніс, сүт өнімдері мен гүлдер заңсыз сатылған. Бұл туралы Әуезов ауданы әкімдігінің өкілдері айтты., сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2026 14:27 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Әуезов ауданында заңсыз сауда жүргізілген 7 ірі орын толықтай жойылды. Бұған дейін бұл аумақтарда киім-кешек, көкөніс, сүт өнімдері мен гүлдер заңсыз сатылған. Бұл туралы Әуезов ауданы әкімдігінің өкілдері айтты.

Бұл жұмыс қала әкімінің тапсырмасы бойынша белгіленбеген орындардағы сауданың жолын кесу және Алматы қаласын көріктендіру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету аясында жүргізілді.

Саудамен айналысқан азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жыл басынан бері аудандық Полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-бабы бойынша құқық бұзушыларға қатысты жалпы сомасы 3,4 млн теңгеден асатын 698 әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар, Кодекстің 505-бабы бойынша жалпы сомасы 5,3 млн теңгеден асатын 1 386 әкімшілік хаттама рәсімделді.

Сондай-ақ, аудан әкімдігінің мәліметінше, жыл басынан бері Әуезов ауданында 192 стационарлық емес сауда нысаны бұзылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: