+42°C ыстық және нөсер жаңбыр: Қазақстанда сенбі күні ауа райы қандай болады

Сильная жара, лето, высокая температура, термометр, зной, солнце, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2026 18:33 Фото: pixabay
Синоптиктер 2026 жылғы 25 шілде, сенбі күні Қазақстан аумағындағы ауа райы жағдайы мен қауіпті құбылыстарға қатысты болжамын ұсынды.

Алдағы демалыс күні елде қайтадан +42°C-қа дейінгі қатты ыстық орнап, кей өңірлерде жаңбыр жауып, кей жерлерде жауын-шашын өте мол болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, күндіз:

Өте қатты ыстық:

  • +41...+42°C-қа дейін – Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында күтіледі.

Аптап ыстық:

  • +35...+39°C-қа дейін – Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында;
  • +38...+42°C-қа дейін – Маңғыстау облысында;
  • +35°C-қа дейін – Алматы облысы мен Ұлытау облысында болады.
"Солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронтальды бөліктер елдің шығыс жартысына әсерін сақтап, найзағайлы жаңбыр, бұршақ, дауыл, ал шығыс өңірлерде қатты және өте қатты жаңбыр туындатады", – деді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Қазақстанның батыс бөлігінде жоғары қысымды аймақтың әсерінен ауа райы ыстық әрі ашық болады.

"Ел аумағында жел күшейеді. Оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде түнде және таңертең тұман күтіледі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: