Қазақ даласының айбары оралуда: "жолбарыстар" жобасы қалай іске асуда
Сурет: pixabay
Ведомство атап өткендей, бір кездері қазақ даласын еркін кезген Тұран жолбарысы табиғатымыздың айбыны, жабайы әлемнің шынайы қожайыны болды. Өкінішке қарай, адам әрекетінің салдарынан бұл ерекше жыртқыш туған мекенінен біржола жоғалып кетті.
Бүгінде Қазақстан табиғат тарихындағы маңызды миссиялардың бірін жүзеге асырып келеді – Тұран жолбарысын тарихи мекеніне қайта оралту.
Осы игі бастамада "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерваты ерекше рөл атқарады. Резерват аумағында жолбарысқа қолайлы табиғи орта қалыптастырылып, оның қорек базасы мен биоалуантүрлілігін сақтау бағытында кешенді жұмыстар жүргізіледі.
Мәселен, 2024 жылы Нидерландтан, ал 2026 жылы Ресей Федерациясынан Амур жолбарыстары жеткізілді.
Қазіргі таңда резерваттың арнайы вольер кешенінде жалпы саны алты жолбарыс бейімделу кезеңінен өтіп жатыр. Бұл кезең аяқталғаннан кейін жыртқыштарды жабайы табиғатқа жіберу жоспарланған.
Мамандардың айтуынша, жолбарыс – жай ғана жыртқыш емес. Ол – табиғаттың күш-қуатын, еркіндігін және экожүйенің саулығын білдіретін маңызды белгі. Жолбарыс бар жерде табиғаттың тепе-теңдігі сақталады.
Бұған дейін Эльбруста қаза тапқан альпинистер өздерімен бірге мысығын алып шыққанын, бүгінде жануардың не өлі не тірі екені белгісіз екенін жазғанбыз.