Алматының Есентай жағалауындағы гүлден жасалған тауыс көпшіліктің көзайымына айналды

Есентай өзенінің жағалауында авторлық "Тауыс" композициясы алматылықтар мен қала қонақтарының назарын өзіне аударып отыр., сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2026 13:06 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Есентай өзенінің жағалауында авторлық "Тауыс" композициясы алматылықтар мен қала қонақтарының назарын өзіне аударып отыр.

Eco Almaty мамандарының мәліметінше, биіктігі 2,5 метр болатын көлемді топиарлық композиция серуендеу аймағы бойымен 30 метрге созылған.

Тауыстың гүлден жасалған қауырсындары целозия, петуния, цинерария және альтернантера гүлдерінен құрастырылған. Түрлі өсімдіктер мен қанық түстердің үйлесімі композицияға ерекше сән беріп, жағалаудағы ең көрікті нысандардың біріне айналдырған.

"Тауыс" сұлулықтың, әсемдік пен табиғаттың алуан түрлілігінің символы ретінде жасалған. Композиция қоғамдық кеңістікпен үйлесім тауып, Есентай жағалауындағы көпшілік суретке түсетін танымал орындардың біріне айналды.

Гүлден жасалған тауысты Таулы Қырат шағынауданындағы Есентай өзенінің жағалауынан көруге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: