31 шілдеде елдің басым бөлігі аптап ыстықтың құрсауында болады

Сильная жара, лето, высокая температура, термометр, зной, солнце, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2026 17:24 Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 31 шілде, жұма күнгі Қазақстан аумағындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, атмосфералық фронттар елдің батысы, солтүстігі және шығысында ауа райының тұрақсыз болуына әсер етеді. Бұл өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс пен шығыстың кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады

Сонымен қатар кейбір аудандарда бұршақ түсуі мүмкін.

Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз.

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал.

Айта кетейік, елдің басым бөлігінде қатты ыстық сақталады.

Атап айтқанда, Ақтөбе, Қостанай және Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, сондай-ақ Ұлытау облысында ауа температурасы +40...+41°C-қа дейін көтеріледі.

Алматы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында, Ұлытау және Жетісу облыстарында, Абай облысының оңтүстігі мен Ақтөбе облысының шығысында ауа температурасы +35...+39°C болады.

Жамбыл және Маңғыстау облыстарында ауа +38°C-қа дейін қызса, Қызылорда және Түркістан облыстарында термометр бағандары +40...+44°C-ты көрсетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: