Ираннан келе жатқан аптап: Қазақстанда күн +44°C-қа дейін ысиды
Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 30–31 шілде мен 1 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Метеорологтардың мәліметінше, елде қатты ыстық әлі де сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атмосфералық фронттардың әсерінен ел аумағының басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жауады.
"Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады", – деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Ал республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн райы көбіне жауын-шашынсыз болады.
Бұл Иран аумағынан келетін ыстық ауа массаларының ықпалына байланысты.
Кейбір өңірлерде жауын-шашын болғанымен, ел аумағында аптап ыстық сақталады.
Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысы мен солтүстігінде қатты ыстықтан кейін 1 тамызда күндізгі ауа температурасы +25...+35°C-қа дейін төмендейді.
Елдің қалған аумағында ауа температурасы жоғарылай береді:
- орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде +33...+41°C;
- елдің оңтүстігінде +35...+44°C болады.
Алматы, Шымкент және Астана қалаларында 2026 жылғы 29–31 шілдеде ауа райы қандай болатынын мына сілтеме арқылы білуге болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript