Алматыда Абай даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысында екі күнге көлік қозғалысы шектеледі

Укладка асфальта, асфальтирование дорог, ремонт дорог, ремонт дороги, рабочие, асфальтоукладчики, машины для укладки асфальта, техника для дорожных работ, дорожно-ремонтные работы, дорожные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2026 16:03 Фото: Zakon.kz
"QazaqGaz Aimaq" АҚ Алматы өндірістік филиалының өкілдері газ тарату желілерін салу және жаңғырту жобасы аясында Абай даңғылы мен Жароков көшесі арқылы өтетін газ құбырының өткелін салу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді.

Осыған байланысты 2026 жылы 1 тамыз сағат 06:00-ден 2 тамыз сағат 24:00-ге дейін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін аумақта автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Аталған жұмыстар қаланың газбен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға және оны одан әрі дамытуға бағытталған.

Алматы тұрғындары мен қала қонақтарынан жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды, уақытша енгізілген шектеуді ескеруді, сондай-ақ уақытша жол белгілерінің талаптары мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлердің нұсқауларын сақтауды сұраймыз.

"QazaqGaz Aimaq" АҚ Алматы өндірістік филиалы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, тұрғындарға түсіністік танытқандары үшін алғыс білдіреді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: