"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 2 тамызға арналған ауа райы болжамы
Сурет: unsplash
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыс бойынша 35–39 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, ал шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 2 тамызда күндіз 36-38 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз 37-39 градус қатты ыстық болады деп болжанады.
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жаңбырмен қатар бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болатыны болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с құрайды. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Көкшетауда 2 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады.
Астанада 2 тамызда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі.
Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 35–38 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, ал солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 2 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Қалада күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Таңертең және күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–18 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38-40 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 2 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысы бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 2 тамызда күндіз 35 градус ыстық болатыны болжанады.
Атырау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысындағы екпіні 15–18 м/с қамтиды. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 2 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан, батыстанжел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, өңірдің оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 2 тамызда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні -15 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі.
Күндіз Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі, ал шығысында, солтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте 2 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 2 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік шығыстан батысқа, солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, өңірдің батысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Қарағандыда 2 тамызда түнде және таңертең аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 2 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Желдің екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз оңтүстігінде кей уақытта 25 м/с дейін жетеді. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда 2 тамызда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Желдің күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болатыны болжанады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, өңірдің батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Қостанай облысының солтүстік-батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 2 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша 38-40 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 2 тамызда күндіз 38-40 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болатыны болжанады. Түнде облыстың шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 2 тамызда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 2 тамызда күндіз 40 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК жаздың соңғы айы - тамызға арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.