"Аптап ыстық, дауыл, найзағай": Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Сурет: ЖИ көмегімен әзірленді
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыстан шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, ал облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Сонымен қатар, облыстың солтүстігінде 40-43 градус өте қатты ыстық сақталады. Алматыда 15 тамызда түнде және таңертең аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Батыстан шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, қалада жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 15 тамызда күндіз 36-38 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп болжанады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с дейін жетеді. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады, ал облыстың оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, ал облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 15 тамызда күндіз 35-36 градус қатты ыстық болатыны болжанады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады, ал облыстың оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыс бойынша, жоғары өрт қаупі, ал облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 15 тамызда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Күндіз қалада 35-36 градус ыстық болатыны болжанады.
Ақтөбе облысының шығысында түнде аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, ал жалпы облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 15 тамызда күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды, төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз солтүстікте, шығыста шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, күндіз кей тұстарда 15-20 м/с дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда да 15 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады, шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 15 тамызда шаңды дауыл тұрып, желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Қалада күндіз 40 градус ыстық болатыны болжанады.
Түнде және күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең өңірдің батысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстара 25 м/с дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 15 тамызда түнде және күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні - 25 м/с, қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда 15 тамызда аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең батыста тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, ал облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 15 тамызда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірде төтенше өрт қаупі, ал облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 15 тамызда түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады, ал облыстың оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық болады деп күтіледі. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 15 тамызда күндіз 35-37 градус ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, өңірде жоғары өрт қаупі, ал облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 15 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, ал солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 15 тамызда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық болып, өңірде төтенше өрт қаупі, ал облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 15 тамызда 38-40 градус ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақмола облысының батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, өңірде жоғары өрт қаупі, ал облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 15 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада 15 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында 41-43 градус өте қатты ыстық болатыны болжанады.
Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы 15 тамызда, сенбіде еліміздің 10 өңірінде аптап ыстық болатынын болжап, ескерту жасаған болатын.