"Қазгидромет" Алматы мен Өскемен тұрғындарына ескерту жасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2026 09:40 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер Қазақстанның екі қаласында ауа сапасының нашарлау қаупі барын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, 2026 жылғы 2 тамызда Алматы және Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына әсер ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желдің болмауы, әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия) үйлесімі.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына таза ауада болу уақытын қысқарту ұсынылады. Әсіресе автожолдар мен өзге де ластау көздеріне жақын жерлерде ұзақ уақыт жүрмеу керек.

Ал өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық созылмалы аурулары бар адамдар далаға шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: