Ақтау тұрғындары жаздың басым бөлігін ыстық сусыз өткізетін болды
Фото: freepik
"МАЭК" ЖШС магистральдық құбырдағы жөндеу жұмыстарының жалғасуына байланысты ыстық су беру тамыз айының соңына шегерілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кәсіпорынның хабарлауынша, магистральдық құбырдағы жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған. Осыған байланысты ыстық сумен жабдықтау тек тамыз айының соңында қалпына келтіріледі.
Еске салсақ, Ақтауда ыстық су 27 маусымнан бастап жылу желілерін жөндеу жұмыстарына байланысты өшірілген болатын. Бастапқы жоспар бойынша жөндеу 12 шілдеде аяқталуы тиіс еді. Кейін мерзім 1 тамызға дейін ұзартылған.
Алайда жөндеу жұмыстарының аяқталмауына байланысты тұрғындарға ыстық су беру мерзімі енді үшінші рет кейінге шегеріліп, тамыз айының соңына белгіленді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript