Семейліктер жазды ыстық сусыз өткізеді

Семейліктер биылғы жазда тағы да ыстық сусыз қалады. Мамандардың айтуынша, бұл қазандықтарды жөндеу жұмыстарына байланысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"24KZ" дерегінше, жөндей жұмыстарынан бөлек, қаланы жылумен қамтамасыз ететін "Жылукоммунэнерго" мекемесінің көмір мен жылу энергиясына берешегі жиналып қалған.
Коммуналдық кәсіпорындар алдындағы қарызы шамамен 3 миллиард теңгеге жуықтады. Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың айтуынша, ыстық суды үздіксіз беру қымбатқа түседі. Сол себепті мекеменің қарызы алдағы жылыту маусымында кемінде тағы 600 миллион теңгеге артуы мүмкін.
"Жылу қазандықтарын жөндеу үшін алдымен қаржы бөлінеді. Содан кейін конкурстық рәсімдер өтеді. Бұл жұмыстар қазан айына дейін жалғасады деп жоспарланған",- деді Елена Проскурикова, ТҮКШ бөлімінің бас маманы.
Бұған дейін Алматыда жаңа перзентхана мен жедел жәрдемнің қосалқы станциясы салынатындығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript