Қазақстанда мұнай өндіру көлемі өзгереді: ОПЕК+ маңызды шешім қабылдады

НПЗ, нефтеперерабатывающий завод, переработка сырой нефти, нефть, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2026 10:24 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан ОПЕК+ альянсына мүше тағы алты елмен бірге 2026 жылғы қыркүйек айынан бастап мұнай өндіру көлемін түзетеді. Бұл туралы 2026 жылғы 2 тамызда ұйымның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті шешім Қазақстан, Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Алжир және Оман өкілдерінің онлайн форматта өткен кездесуінің қорытындысы бойынша қабылданды. Кездесу барысында қатысушылар әлемдік мұнай нарығындағы қазіргі жағдай мен оның алдағы даму перспективаларын талқылады.

Әлемдік мұнай нарығындағы тұрақтылықты сақтау мақсатында тараптар мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге өзгерту туралы шешім қабылдады. Осылайша, мұнай өндірудің жаңа көлемі 2026 жылдың қыркүйек айынан бастап күшіне енеді.

"ОПЕК+ құрамындағы жеті ел бұл шешім қатысушы мемлекеттерге бұрынғы міндеттемелер бойынша өтемақы төлеу үдерісін жеделдетуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ олар Өндірісті үйлестіру туралы декларацияның барлық талаптарын, оның ішінде мұнай өндіруді ерікті түрде қосымша түзету жөніндегі міндеттемелерді толық орындауға бейілді екенін растады. Бұл міндеттемелердің орындалуын Бірлескен министрлік мониторинг комитеті (БММК) бақылап отырады", – делінген ұйымның хабарламасында.

Бұдан бөлек, кездесуге қатысушы елдер 2024 жылдың қаңтар айынан бері белгіленген мөлшерден артық өндірілген мұнай көлемін толық өтеуге ниетті екендерін де растады.

Бұған дейін шілде айында қымбат мұнай теңгенің едәуір нығайтқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: