Нұрай Серікбайдың ісі: сот залында жанжал шықты

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2026 09:27 Фото: Zakon.kz
Кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың сотында жанжал шықты. 2026 жылғы 4 тамыздағы сот отырысында күдікті Шерхан Аймаханның ата-анасы мен бауырлары жауап берді. Алайда олардың айтқан сөздері жәбірленуші тараптың жан жарасын қайта тырнап, сот залындағы ахуалды ушықтырды.

"Алматы ТВ" дерегінше, қайғыдан қан жұтқан әке де үнсіз қала алмады. Ол орнынан тұрып, сотталушының әкесіне ренішін айтты. Артынша екі тарап сөзге келіп, соттағы жағдай шиеленісе түсті. Ал сотталушының жақындары "ешқандай алып қашу болған жоқ" деген уәжін қайталады. Бұдан бөлек, сотталушының анасы Шерханның Нұрайға ғашық болғанын айтып, салдарынан ұлының өз-өзіне қол салуға әрекеттенгенін жеткізді.

"Екі қолын кесіп тастаған. Не үшін? Енді қызды ұнатты да. Жақсы көргеннен болады ғой бәрі", – деді айыпталушы Шерхан Аймаханның анасы Айгүл Макенова.

Бүгін сотта бұл істі алғаш қолға алған полицей де жауап берді. Ол 2025 жылдың 5 қазанында қыз алып қашу фактісі бойынша шағым түскенін жеткізді. Алайда арыз соңына дейін тергелмей, жабылып қалған. Сондай-ақ тергеуші сол күні оқиға орнына қызметтік бейнежетонсыз барғанын да мойындады.

"Бейнежетон болды. Кімдерде болды? Қателеспесем, жедел уәкіл екеуімізде болды. Ол күні оның қуаты сөніп қалған. Тез сөніп қалады", – деді экс-тергеуші Әбілғазы Артықбай.

Еске салсақ, Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін жұмысына салғырттық танытқан бірқатар полиция қызметкерлері қызметінен босатылып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Куәлік берген Әбілғазы Артықбай солардың қатарында.

Айта кетсек, Шерхан Аймаханға бірден бірнеше ауыр айып тағылған. Олардың қатарында "сталкинг", "некеге тұруға мәжбүрлеу " және "аса қатыгездікпен адам өлтіру" баптары бар. Күдікті 11 қаңтар күні Нұрай Серікбайды өз үйінің алдында пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: