Қазақстанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың 30 жыл ішінде айтқан ой-тұжырымдары жинақталған кітап жарық көрді

Подписание законов, назначения, назначение, Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2026 13:57 Фото: akorda.kz
Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр жылдары айтқан ой-тұжырымдары топтастырылған "Әділетті қоғамға шыншыл сөз" атты кітап жарық көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев Facebook-тегі парақшасында жазды.

Басылым 30 жылдан астам кезеңді қамтиды. Жинаққа 1994 жылғы мұрағат материалдарынан бастап, Мемлекет басшысының кейінгі сөздеріне дейінгі аралықта Қазақстандағы және беделді халықаралық мінберлерде айтқан негізгі ойлары мен маңызды тұжырымдары енгізілген.

Кітаптағы материалдар 21 тақырыптық бөлімге топтастырылған. Олардың қатарында заң үстемдігі, қоғамдық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару, білім мен жастар, цифрландыру, ұлттық бірегейлік, экологиялық мәдениет және "Таза Қазақстан" бастамасы бар.

Жинақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет құру мен қоғамды дамытуға қатысты көзқарасының қалыптасуы мен сабақтастығын зерделеуге мүмкіндік береді. Әр жылдары айтылған ой-тұжырымдар әділдік, заңдылық, жауапкершілік және ұлттық бірлік қағидаттарының Президенттің көпшілік алдында сөйлеген сөздерінде жүйелі түрде көрініс тапқанын көрсетеді.

Кітап мемлекеттік қызметшілерге, оқытушыларға, студенттерге, жас мамандарға, зерттеушілерге, сондай-ақ Қазақстанның қазіргі тарихы мен даму үдерісіне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.

Алдағы уақытта кітап даналарын қоғамдық кітапханаларға, жоғары оқу орындары мен колледждердің, саяси партиялар мен жастар ресурстық орталықтарының қорларына тарату жоспарланып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: