Қазақстандық әуе компаниясы Ресейдің ірі қаласына рейстерді тағы бір айға тоқтатты
Фото: unsplash
Қазақстандық Vietjet Qazaqstan әуе компаниясы Астана мен Омбы арасындағы рейстерге қойылған шектеулерді 2026 жылғы 31 тамызға дейін ұзартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін рейстер 20 шілдеге дейін уақытша тоқтатылған болатын.
Әуе компаниясының мәліметінше, мұндай шешім Омбы маңындағы әуе кеңістігін пайдалануға енгізілген уақытша шектеулерге байланысты қабылданған.
"Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігі – әуе компаниясының басты басымдығы", – делінген компанияның жолаушыларға арналған ресми хабарламасында.
Рейстерге енгізілген өзгерістер әсер еткен жолаушылар брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері арқылы жеке хабардар етіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript