Қазақстандық әуе компаниясы Қытай арқылы Сингапурға рейс ашады

Самолет, самолеты, аэропорт, аэропорты, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2026 16:13 Фото: Zakon.kz/Ксения Калашникова
2026 жылғы 20 қазаннан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Шымкенттен Сингапурға жаңа рейс ашады. Ұшақтар Қытайдың Санья қаласы арқылы аптасына екі рет қатынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, жаңа бағыттың ерекшелігі – әуе компаниясы рейсті "әуе еркіндігінің бесінші дәрежесі" құқығы негізінде орындайды.

"Бұл жолаушыларға Қазақстаннан Сингапурға ұшып қана қоймай, Санья – Сингапур бағыты бойынша да сапарлауға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.

Осылайша, әуе компаниясы жолаушыларды Қазақстан мен Сингапур арасында ғана емес, Қытай мен Сингапур арасында да тасымалдай алады.

Бұған дейін Қытайға ұшуды немесе осы елден қайтуды жоспарлаған қазақстандықтарға әуежайға алдын ала келуге кеңес берілген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: